homepage
Бурятия Республикасының прокуратурасы

Бурятияда қазақстандық қаза тапты

29.04.2026, 11:34

Бурятияда орналасқан кеніште болған қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға Муй ауданы аумағында, «Ирокинда» кенішінде технологиялық жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. Қар көшкіні жүрген сәтте учаскеде жалпы 9 адам жұмыс істеген.

Олардың үшеуі өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерсе, қалған алты адам үйінді астында қалып қойған.

“Қаза тапқандардың бірі – Қазақстан Республикасының азаматы. Қалған бесеуі Ресей Федерациясының азаматы болған”, – делінген хабарламада.

Кейін қаза тапқандардың бәрінің денесі табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары толық аяқталды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.