homepage
Depositphotos.com

Азия жағажай ойындары: Қазақстан ватерполшылары қола жүлде иеленді

29.04.2026, 10:48

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

“Турнирдегі соңғы матчында қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіске жетіп, қола медальді иеленді”, – делінген Спортты дамыту дирекциясының хабарламасында.

Жарыстар айналым жүйесі бойынша өтті.

Бес кездесуде Қазақстан құрамасы үш рет жеңіске жетіп, екі рет қарсыластарына жол берді.

Бұл сында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль – бір алтын, бір күміс және бес қола жүлде бар.