homepage

Қостанай әкімі 23 млн теңгеге көлік сатып алу себебін түсіндірді

Juzmedia. kz
14.10.2024, 17:17

Қала әкімі жергілікті «Наша газета» басылымына берген жауабында 2010 жылы шыққан Lexus LX570 автокөлігі тозғаны айтылған.

Автокөлік жеке мен үшін сатып алынбайды, ол қала әкімі аппаратына алынады. 2010 жылы шыққан Lexus LX570 алмастырғалы жатырмыз. Ол көлікті жөндеуге қаражат көп кетеді. Аппарат бюджеті аса көп емес, жылына 5 млн теңге жұмсауды көп деп санаймын, - дейді Марат Жүндібаев.

Әкімнің айтуынша, автокөлікті сатып алуға конкурс өткізілген. Жаңа Kia Sorento сатып аулға 23 млн теңге жұмсалады.

Иә, осы көлікпен қатынаймын, себебі басқа көлік жоқ. Қалада жаяу жүре алмаймын. Ол көлікті мен ғана емес, әкім аппаратындағы басқа да қызметкерлер қолдануы мүмкін, - дейді ол.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.