Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешімді 28 сәуір күні апелляциялық сот қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Еске салсақ, биыл 28 қаңтарда алғашқы инстанция соты экс-бірінші ханымды пара алу фактісі бойынша 1 жыл 8 айға соттаған еді. Алайда сол кезде оны акция бағасын қолдан өсіру және саяси қаржыландыруға қатысты тағы екі айыптан ақтап алған болатын.
Кейін бұл үкімге прокуратура шағым түсірді. Сейсенбі күні прокуратура апелляциялық соттан Ким Гон Хиге 20 жыл жаза тағайындауды сұраған. Соған қарамастан, сот акцияларды манипуляциялау және пара алу айыптары бойынша оны төрт жылға соттау туралы шешім шығарды.
Тергеу барысында бұрынғы бірінші ханымның Unification Church ұйымынан Chanel сөмкелері мен Graff брендінің гауһар алқасын сый ретінде алғаны анықталды. Ким Гон Хиді қамауға алу туралы шешім 2025 жылғы 12 тамызда қабылданған. Бұған дейін 52 жастағы айыпталушы сот алдында кешірім сұраған.
19 ақпанда оның жұбайы – елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёль өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.