Әлеуметтік желіде домбыраны «харам» деп атаған ақтөбелік қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Алайда ханафи мазхабында ішекті аспаптар “харам” болып есептеледі”, – дейді желіде тараған видеода ер адам.
Облыс полициясы діни араздықты қоздыру фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
“Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды”, – деп хабарлады полиция.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.