homepage
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шетелден 4 млн рет қоңырау шалған: ҰҚК алаяқтықпен айналысқан топты ұстады

28.04.2026, 11:47

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Тергеу мәліметінше, күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге заңсыз түрде халықаралық қоңыраулар шалудың арнайы схемасын ұйымдастырған.

Атап айтқанда, олар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті ұялы нөмірлерді пайдаланған. Сонымен қатар арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.

“Осы заңсыз әрекеттер салдарынан 4 миллионнан астам қоңырау шалынған. Байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асқан”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.