Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиға салдарынан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Полиция мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған.
Әйелдің бұрынғы некеден туған ұлы анасын қорғауға тырысқанымен, ауыр жараланып, оқиға орнында қайтыс болған.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.