homepage
Depositphotos.com

Перизат Қайратпен байланысы бар: құрылысшы Мөлдір Сүйіншәлі күдікке ілінді

28.04.2026, 09:38

Астана жұртына есімі танымал құрылыс компанияларының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеу басталды деп хабарлайды ҚМА. Ол 3,9 млрд теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, 2021-2024 жылдары ол «Nura Elite» коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаржы тартқан. Жоба бойынша 37 коттедж және 24 таунхаус салу жоспарланған, алайда құрылыс толық аяқталмаған.

Алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалып, нәтижесінде 56 адам жәбірленуші деп танылды. Келтірілген шығын көлемі – 3,9 млрд теңге.

Тергеу барысында:

  • 322 млн теңге күдіктінің және жақындарының шоттарына аударылғаны,
  • 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталды,
  • бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактілері тіркелді.

Сондай-ақ кейбір нысан кепілге қойылып, үшінші тұлғаларға қайта рәсімделіп сатылған. Күдіктіде жер учаскелерін сатуға заңды құқық болмаған.

Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында «Асылхан» тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалған.

Сонымен қатар, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын үйкешенінің құрылысы басталмаған.

Сот санкциясымен күдіктіге үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

ҚР заңнамасына сәйкес, сот үкімі шыққанға дейін тұлға кінәсіз деп есептеледі.