Бүгін Астана соты ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты істің нүктесін қойып, үкім оқыды.
Судья Әділбек Баймаханов шығарған үкімге сәйкес, Жанабыловтың мүлкі тәркіленіп, ол екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Ерболат Жанабылов пробациялық бақылауда болады.
Эльмира Төлегенованың да мүлкі тәркіленіп, оо 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ мемлекет пайдасына 8 автокөлік тәркіленді.