homepage
фото: ашық дереккөзден

Доллар тағы арзандады

27.04.2026, 16:39

Ұлттық валюта бүгін тағы төрт теңгеге нығайды. Валюта айырбастау пунктері долларды 460 теңгеден төмен бағаға саудалап жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Осылайша, теңге 2024 жылғы маусымның басындағы бағамға қайта оралды. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 456,15 теңгеден сатып алынады, 463,15 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,16 теңге, сату — 544,16 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,84 теңгеден сатып алынады, 460,50 теңгеден сатылады. Еуро 532,59 — 543,45 теңге, ал рубль 5,95 — 6,08 теңге аралығында саудаланады.