homepage
фото: жазбаның скриншоты

"Мәмбеттер": желтоқсаншыларды тілдеген алматылықтың үстінен іс қозғалды

27.04.2026, 13:25

Алматы қалалық полициясы әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды тілдеген қала тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады. Виолетта Паршина есімді тұрғын 1986 жылғы оқиғаға қатысты жарияланған видеоның астына «ауылдан шыққан мәмбеттер» деп пікір қалдырған. Әлеуметтік желі қолданушылардың шамына тиген жазба 2025 жылғы 15 желтоқсанда жарияланғанымен, қылмыстық іс бес ай өткеннен кейін ғана қозғалып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

«Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. П. есімді азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір оның әрекетіне Қазақстан заңнамасына сай құқықтық баға беріліп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Threads қолданушылар Паршинаның басқа да мәселелерге қатысты жазған пікірлерін сынады.

«Қысқаша айтар болсам, бұл әйел Қазақстан тәуелсіздігін мойындамай, мұсылмандарды балағаттап, ресейлік пропагандашы Соловьёвты қолдаған», – деп жазды журналист Михаил Козачков.