homepage
фото: ашық дереккөзден

Juz пікір: "Көкбет тенденция һәм қазақ тілінің жағдайы"

27.04.2026, 12:15

“Біздің кезімізде де қазақ тілінің грамматикасын жетік меңгермеген, әйтеуір, ілініп-салынып оқыған қыздар мен жігіттер болды. Бірақ солардың өзі “Саған бәрібір емес пе, өзім білем!” деген бетпақтық көрсетпейтін. Біздің кезімізде, 2000 жылдары, смс-тің өзі удай қымбат кез еді. Біздің замандастар хабарламаны кириллицамен жазу 2 есе қымбат болғандықтан, латиницамен жазатын. Соның өзінде ешкім қате жазбай, әрбір әріптің хақын беретін.

Ал қазір… интернет тегін, уатсап арқылы жазу су тегін. Қазіргі жастардың қолы да удай бос. Мал бақпайды, аула тазаламайды, отын шығармайды. Бірақ…

“Өзім білем! Саған бәрібір емес пе?” деген жастардың көкбет тенденциясы біздің өмірімізге ауызекі сөздердің өте дөрекі формасын қазіргі қазақ тілінің жазу стиліне айналдырып жіберді.

Ол тіпті екеуара, жастардың бір-бірінің арасындағы сөйлеу формасынан шығып, жалпыхалықтық үрдіске айналғаны соншалықты, тіпті маркетиң тіліне де айналып үлгеріпті”. 

Тимур Бектұр, IT ағартушы