homepage
фото: ашық дереккөзден

SIPRI: әскери шығындар рекордтық деңгейге жетті

27.04.2026, 11:35

SIPRI институты әлемдегі әскери шығындардың рекордтық деңгейге жеткенін хабарлады. Былтыр әлем бойынша әскери шығындар 2,88 трлн долларға жетіп, қатарынан 11 жыл бойы өсім көрсеткен. Жаһанда қорғанысына көп қаржы бөлетін үш ел – АҚШ, Қытай және Ресей. 

Әскери шығындардың ЖІӨ-дегі үлесі 2,5%-ға дейін жетті. Бұл 2009 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

2025 жылы қорғаныс саласына жұмсалған жаһандық қаржының жартысынан астамы АҚШ, Қытай және Ресей үлесіне тиген. Бұл үш мемлекет бірлесіп 1,48 трлн доллар жұмсаған. Бұл жалпы әлемдік шығынның 51% деген сөз. Әскери әлеуетіне көп қаржыжұмсайтын топ бес ел қатарында Германия және Үндістан бар. 

АҚШ 2024 жыл ел әскери шығынын 7,5% кеміткен. Дегенмен, қорғаныс шығындары бойынша көшбасшы атағын ешкімге берер емес, бөлінген қаржы көлемі – 954 млрд доллар немесе жалпы көлемнің 33%-ы.

Екінші орында тұрған Қытай 336 млрд доллар (12%) жұмсап, әскери бюджетін 31 жыл қатарынан ұлғайтып келеді. Тек 2025 жылдың өзінде өсім 7,4%-ды құраса, соңғы он жылдағы өсім 62%-ға жеткен.

Үшінші орында Ресей — 190 млрд доллар (6,6%). Елдің қорғаныс шығындары бір жыл ішінде 5,9%-ға артқан.

Германия 114 млрд доллар (3,9%) жұмсап, өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға өсім көрсеткен. Ал Үндістан 92,1 млрд доллар (3,2%) бөліп, әскери бюджетін 8,9%-ға арттырған.