ҰҚК азаматтардың жеке деректерін сатып келген қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Олар Астана және Алматыда Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинап, таратқан. Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.
Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.