Ақтауда мамыр мерекелеріне дайындыққа 30 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Lada.kz жазуынша, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі облыс орталығын алдағы мерекелерге безендіретін мердігерді анықтау үшін конкурс жариялаған.
Бөлінген қаржы 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған безендіру жұмыстарын қамтиды.
Техникалық сипаттама бойынша мердігер келесі міндеттерді орындауы тиіс:
Ақтаулықтарды алаңдатып отырған басты мәселе уақыттың тым аздығы. Конкурс 23 сәуірде жарияланған, ал оның жеңімпазы тек 27 сәуірде ғана белгілі болады.
Егер конкурс нәтижесі мерекеге 3-ақ күн қалғанда анықталса, компания қаланы 1 мамырға дейін толық безендіріп үлгере ме? Әзірге бұл сұрақ ашық қалып отыр.