Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы көлік қызметі қарастырылған. Бұл қызмет жүріп-тұруы қиын азаматтарға, жеке көмекшінің қызметін пайдаланатындарға, сондай-ақ өзін-өзі күту және мінез-құлқын бақылау қабілеті 2-3 дәрежеде шектелген ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға арналған, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Қызметті пайдалану үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның мүгедектік мерзіміне берілген жарамды қорытындысы болуы қажет.
Қажетті құжаттар:
Қызметті қалай алуға болады?
Өтінішті тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өзіңіз немесе заңды өкіліңіз арқылы тапсыра аласыз.
Әдетте сапарға өтінім бір тәулік бұрын беріледі. Қажет болған жағдайда кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері кезекші көліктер қызмет көрсетеді.
Қызмет кімдерге бірінші кезекте көрсетіледі?
Алдымен жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматтарға, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ балабақшаға баратын балаларға (жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес) басымдық беріледі. Қалған азаматтарға қызмет өтініш беру кезегімен ұсынылады.
Қызметке не кіреді?
Арнайы қызмет диспетчердің өтінімді қабылдауынан басталады. Кейін қажетті көлік ұсынылып, қажет болған жағдайда отырғызу мен түсіруге көмек көрсетіледі. Егер еріп жүруші болмаса, азаматты үйінен көлікке дейін жеткізуге де жәрдем беріледі. Сондай-ақ көрсетілген мекенжайға дейін (бір еріп жүрушімен бірге) жеткізу қарастырылған.