homepage
t.me/DRSQazaqstan

Азия кубогы: қоржында ескес есуден екі алтын

26.04.2026, 16:31

Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Жүлдегерлер:

  • Алтын - Иван Чернухин мен Владислав Яковлев (әр спортшыда 1 ескектен, жұптық сын);
  • Алтын - 4 адамдық ерлер командасы (әр спортшыда 1 ескектен жұптық сын) Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин;
  • Күміс - Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев (жеңіл салмақтағы жұптық жарыс, қос ескек);
  • Күміс - Мария Чернец пен Екатерина Носкова жұбы (әйелдер арасында жеңіл салмақ);
  • Күміс - Артём Матусевич (жекелей сын, ерлер арасындағы жеңіл салмақ)
  • Қола - Роза Кеңес (әйелдер арасындағы жеңіл салмақ).

Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.

Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.