Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Жүлдегерлер:
Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.
Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.