Елімізде жыл аяғына дейін 16 жол бөлігінде жылдамдық асырғандарды жазаға тартылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Kolesa.kz жазуынша, қазір қаладан тыс орналасқан 12 трассада орташа жылдамдықты өлшейтін кешендер бар.
Оның сегізіне «Қазавтожол» аппарат орнатса, қалған төртеуіне ІІМ камера қойып үлгерді.
Ұлттық компания өкілдері биыл тағы 16 жол бөлігінде ережені елемейтіндерді анықтаймыз деді.
Мамандар аталған кешен іске қосылған сәттен бері республикалық трассаларда апат саны 20% азайғанын атап өтті.
Сондықтан жол қозғалысын бақылау технологиясы кеңінен қолданысқа енеді.