homepage
newsgeorgia.ge

Өмір бойына сотталуы мүмкін: Грузияда 18 жастағы қазақстандық ұсталды

26.04.2026, 15:20

Грузияда 18 жастағы қазақстандық есірткіге қатысты күдікпен ұсталды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz

Грузияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Имеретия өңірінде екі шетелдік – Қазақстан мен Украина азаматтары заңсыз есірткі сатып алу, сақтау және аса ірі көлемде өткізу дерегі бойынша қолға түскен.

Күдіктілер – 2008 жылы туған жігіт пен қыз, олар әр уақытта ұсталған.

Тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды сақтап, сатумен айналысқаны анықталған.

“Тінту кезінде күдіктілердің жеке заттарынан және уақытша тұрған жерінен есірткі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ олар тергеу эксперименті кезінде есірткіні жасырған орындарын көрсеткен”, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері бұдан бөлек, есірткіні буып-түюге арналған материалдарды да айғақ ретінде алған.

Аталған дерек бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260-баптарының 4-бөлігімен іс қозғалды. Бұл баптар бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.