Алматының Медеу ауданында жүк көлігі апатқа ұшырап, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz .
Әлеуметттік желіде жария болғандай, қайғылы оқиға Нұрмағамбетов көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жол жиегіндегі құбырды қиратқан, газ құбырына зақым келтіріп, артынша аударылып кеткен.
"Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Оның денесін кабинадан құтқарушылар алып шыққан", - делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар бұл көшеде мұндай жол-көлік оқиғалары жиі болатынын айтады.
Олардың айтуынша, ауыр жүк көліктері бұл аумақта жылдамдықты жиі асырады.
Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полициясы әзірше пікір білдірмеді.