Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастарды реттеудің жаңа кезеңі басталмақ. 2026 жылғы 8 маусымнан бастап Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне еніп, азаматтық-құқықтық сипаттағы (ГПХ) келісімшарттарды қолдану тәртібі түбегейлі өзгереді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
8 маусымнан бастап не өзгереді?
Жаңа заңнама бойынша, егер жұмыс іс жүзінде еңбек қатынастарына ұқсас болса, азаматтық-құқықтық сипаттағы артын жасасуға қатаң тыйым салынады.
Егер келісімде қызметкердің нақты лауазымда жұмыс істеуі, ішкі тәртіпке бағынуы және тұрақты жалақы алуы сияқты белгілер болса, онда ол ГПХ емес, еңбек шарты ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда жұмыс берушілер қызметкерлерді ресми түрде штатқа қабылдауға міндетті болады.
ГПХ келісімі бойынша жұмыс істейтіндер еңбек заңнамасындағы әлеуметтік кепілдіктерден – еңбек демалысы, аурухана парағы немесе декреттік төлемдерден қағылып келген. Ал жаңа өзгерістер осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді.
Бизнеске әсері: шығын артып, тексеріс күшейеді
Сарапшылардың болжамынша, бұл өзгеріс кәсіпкерлер үшін оңай соқпайды. Себебі штаттық қызметкерлер үшін төленетін салық жарналары мен әлеуметтік аударымдар (МӘМС, зейнетақы, әлеуметтік салық) ГПХ-ға қарағанда әлдеқайда жоғары.
Енді мұндай тәжірибе қатаң бақылауға алынады. Әсіресе құрылыс, көлік, сауда салаларындағы компанияларға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар жаңа нормаларды қалай іске асыру керек екеніне қатысты сұрақтар да бар.
Мамандар келісімшарттарды қайта қарауды еңбек инспекциясы ма, әлде сот арқылы жүргізіле ме, бұл мәселе әлі нақты айқындалмағанын айтады.
Осыған байланысты сарапшылар жұмыс берушілерге заң күшіне енгенге дейін қолданыстағы келісімшарттарға аудит жүргізіп, оларды талапқа сай қайта қарауға кеңес береді.
Егер ГПХ келісімінде еңбек шартының элементтері болса, айыппұл арқаламас үшін оларды алдын ала еңбек шартына ауыстырған жөн.
Әзірге бұл процестің сот арқылы немесе еңбек инспекциясының нұсқамасымен жүзеге асу тетіктері нақтыланып жатыр.
Дереккөз: inbusiness.kz