homepage
instagram.com/equestrian_kz

Қазақстан ат спортынан халықаралық турнирде бірнеше жүлде еншіледі

25.04.2026, 16:24

23-26 сәуір аралығында Ташкент қаласында Fédération Équestre Internationale (FEI) бекіткен халықаралық ат спорты турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс аясында спортшылар әртүрлі биіктіктегі бағыттар бойынша бақ сынайды. Бағдарлама 120 см-ден 155 см-ге дейінгі кедергілерді қамтитын алты негізгі сайыстан тұрады. Атап айтқанда, алғашқы күні Accumulator және World Cup Grand Prix Qualifier жарыстары өтсе, келесі күндері екі фазалы жарыстар мен финалдық кезеңдер ұйымдастырылады.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

120 см биіктіктегі алғашқы сайыста:

  • 1-орын. Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND)
  • 3-орын. Олег Соколенко (SHENANIGAN)
  • 6-орын. Ислам Исламов (CLASSICA STAR)

140 см биіктіктегі World Cup Grand Prix Qualifier кезеңінде:

  • 1-орын. Ксения Баталова (LADY DI)
  • 2-орын. Олег Соколенко (CINDERELLA)
  • 3-орын. Нұрила Тұрысбекова (QUIBELLE VAN D’ABELENDREEF)
  • 5-орын. Раисса Соколенко (URAN – NAD WIGRAMI)

Турнирдің негізгі кезеңдері алда, оның ішінде жексенбі күні өтетін FEI Jumping World Cup™ «Eurasian League» Гран-приі болмақ. Бұл сайыста спортшылар 155 см биіктіктегі кедергілерден өтіп, ең үздік нәтиже үшін сынға түседі.

Қазақстан құрамасы қатарында: Олег Соколенко, Ислам Исламов, Даяна Оңайева, Аян Ғани, Ясмин Ибрагимова, Бекжан Байжанұлы, Азамат Хассенов, Нұрила Тұрысбекова, Раисса Соколенко, Шыңғыс Мәлікжардар, Ксения Баталова, Жаннет Чайжунуссова өнер көрсетеді.