homepage
Фото ашық дереккөзден

Еңбек иммигранттарына қызмет толық онлайн форматқа өтеді

25.04.2026, 11:34

Қазақстанда еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту рәсімі толықтай цифрлық форматқа көшірілуде. Енді бұл қызмет eGov.kz және migration.enbek.kz порталдары арқылы онлайн қолжетімді болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Жаңа жүйе азаматтарға ХҚКО-ға бармай-ақ, өтінішті қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжат жинау жеңілдейді: медициналық анықтамалар мен сақтандыру деректері мемлекеттік базалардан автоматты түрде алынады.

Өтінім беру мен шешім қабылдау процесі толық ашық болады, ал мәртебесін онлайн бақылау қателік тәуекелдерін азайтып, әкімшілік кедергілерді төмендетеді.

Айта кетейік, рұқсат бұрынғыдай квота шеңберінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Жоба қазір «Ашық НҚА» порталында талқылауға шығарылған.