homepage

2024 жылы екі мыңнан астам мигрант Жерорта теңізіне батып кеткен

Juzmedia. kz
04.01.2025, 18:17

2024 жылы Жерорта теңізін кесіп өтпек болған 2200-ден астам заңсыз мигрант қаза тапты, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминисис мәлімдеді.

“Қаза тапқандардың арасында мигранттардың 20%-ын құрайтын жүздеген бала да болды. Мигранттардың көпшілігі өз елдеріндегі соғыс, жоқшылық және зорлық-зомбылықтан қашып, Еуропаға жетуге тырысқан”, – деп жазады The Guardian басылымы.

Alarm Phone ұйымы соңғы күндері Орталық Жерорта теңізінде кемінде төрт қайықтың аударылғанын хабарлады.

Италия мигранттардың негізгі кіру нүктесі болып қала береді, ал Жерорта теңізі арқылы өтетін орталық жол ең қауіпті жолдардың бірі саналады.

БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, 2014 жылдан бері осы жолда 25,5 мыңнан астам адам өлімі мен жоғалу дерегі тіркелген. Қайғылы оқиғалардың ең көп саны Тунис пен Ливиядан шыққан кемелерге қатысты болып отыр.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.