homepage
Видеодан кадр

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы қаза тапты

25.04.2026, 10:12

Түркістан облысында 22 сәуір күні Арыс – Шардара автожолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Otyrar хабарлауынша, апатқа Chevrolet Cobalt жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігінің соқтығысуы себеп болған.

“Оқиға салдарынан жеңіл көлікте болған үш жасөспірім жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте жаттықтырушы мен жарысқа Түркістан қаласына бара жатқан кәмелетке толмаған спортшылар болған.

Алайда балаларды тасымалдау туралы құзырлы органдар, соның ішінде полиция алдын ала хабардар етілмегені анықталды.

Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша балалардың өмірі мен қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.