Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 24 сәуірдеі Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 1139-шақырымында болған.
“Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылы маңында «Mazda» және «JAC» көліктері соқтығысқан.
Mazda» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Ал «JAC» жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.