1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотекалық несие мөлшерлемесі бастапқы жарна көлеміне байланысты сараланып белгіленеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында мәлімдеді.
Жаңа тәртіпке сәйкес екі шекті мөлшерлеме енгізіледі.
«25% және 20%-дық екі шекті мөлшерлеме белгіленеді. Ережесі оңай, егер ипотека бойынша бастапқы жарна 30 пайыздан жоғары болса, онда ең жоғары мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы тиіс.
Ал егер бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болса, онда ипотеканың шекті мөлшерлемесі 25 пайыздан аспауы керек», – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк пен тиісті агенттік бұл шешім бойынша келісімге келген.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мамыр айында тиісті қаулының жобасы жарияланып, одан кейін техникалық іске асыру жұмыстары басталады.
Жаңа жүйе банктермен бірлесіп енгізіледі.