2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары шамамен 27 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға артық, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ranking.kz жазуынша, негізгі өсім міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты: олардың көлемі бір жылда 15,3%-ға өсіп, 25 трлн теңгеден асты. Бұл жарналар азаматтардың жалақысынан ай сайын ұсталып, жеке зейнетақы шотына аударылады.
Зиянды әрі қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндер үшін төленетін міндетті кәсіби жарналар (МКЗЖ) да өсіп, 746,9 млрд теңгеге жетті. Ал ерікті зейнетақы жарналары бір жылда 24%-ға артып, 10 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап енгізілген жұмыс берушінің міндетті жарналары (ЖМЗЖ) да айтарлықтай өсім көрсетті. Қазір олардың көлемі 879 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 2,8 есе артқан. Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан емес, жұмыс берушінің есебінен төленеді.
Жалпы, бұл өзгерістер болашақ зейнетақы көлемін арттыруға және азаматтардың қаржылық тұрақтылығын күшейтуге бағытталған.