ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде (±1 пайыздық тармақ дәлізімен) сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2026 жылғы наурызда жылдық инфляция 11%-ға дейін төмендеді (ақпанда – 11,7%). Оның ішінде азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және қызметтер бойынша да бәсеңдеу байқалған.
Айлық инфляция да 0,6%-ға дейін төмендегенімен, базалық көрсеткіштер әлі де 5% мақсатты деңгейден жоғары қалып отыр. Бұл экономикада баға қысымының сақталғанын көрсетеді.
Сонымен бірге халықтың инфляциялық күтулері 14,6%-ға дейін өсіп, жоғары деңгейде қалды.
“2026 жылдың алғашқы тоқсанында экономикалық өсім 3,0% болды. Құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларындағы белсенділік негізгі драйвер болып отыр”, – делінген хабарламада.
Алайда сыртқы нарықтағы жағдай, әсіресе Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістер, әлемдік азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттауына әсер етіп, инфляциялық қауіптерді күшейтіп отыр.
Ұлттық Банк қазіргі инфляцияның төмендеу үрдісі толық орнықпайынша, ақша-кредит шарттарын жеңілдетпейтінін мәлімдеді.
Қазіргі шаралар қатарында:
Сонымен қатар, тарифтер мен реттелетін бағалардың өсуі, бюджет шығыстары және бизнес шығындары инфляцияға қосымша қысым тудыруы мүмкін екені айтылды.
Реттеуші орган инфляцияны төмендету үрдісін тұрақты ету үшін жағдай толық қалыптаспайынша базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданбайтынын атап өтті.
Келесі шешім 2026 жылғы 5 маусымда жарияланады.