homepage
polisia.kz

Алматыда зейнеткер әйел өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

04.01.2025, 11:09

Алматыдағы аудандардың бірінен кей дене мүшесі жоқ мәйіт табылды. Полиция адам өлтірген күдіктіні «ізін уытпай» ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік кісі өліміне қатысты ақпарат тарады.

Белгілі болғандай, 67 жастағы әйел туған әпкесін балтамен ұрып өлтіріп, артынша денесін бөлшектеп тастаған. Әйелдің мәйіті Алматыдағы аудандардың бірінен пакетке оралған күйі табылды.

«Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстың көп ұзамай ашылғанын хабарлайды. 67 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы араздық қарым-қатынаста болған әпкесін аяусыз балталап өлтірген. Әйел көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталуда», — деп жазды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.