homepage
Depositphotos.com

Елімізде қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқиды

23.04.2026, 17:37

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай еліміздегі кітапханалар жүйесі мен оқырман белсенділігі туралы негізгі статистика жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Елімізде қанша кітапхана бар?

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 912 көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Оларда 10 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Кітапханалардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан – 3 343.

“Жалпы кітап қоры 110,3 млн басылымды құрайды, оның ішінде 69,6 млн-ы – кітап”, – дейді Ұлттық статистика бюросының өкілдері.

Ең ірі қор Алматы қаласында шоғырланған. Яғни мегаполис кітапханаларында 37,5 млн басылым бар.

Қай өңірде кітапханаға келушілер саны көп?

Ең көп кітапхана Түркістан облысында – 388 мекеме. Одан кейін Батыс Қазақстан (359), Ақмола (341) және Қостанай (336) облыстары тұр.

Еліміз бойынша кітапханалардың басым бөлігі әмбебап форматта жұмыс істейді – 3 866 кітапхана.

2025 жылы кітапханаларға келушілер саны 55,2 млн ретке жетті. Ең жоғары көрсеткіш – Алматы қаласында, яғни қалада 5,4 млн келуші тіркелген.

 Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (4,6 млн) және Түркістан (4,1 млн) облыстары да алдыңғы қатарда тұр.