Оңтүстік Кореяда Samsung компаниясының шамамен 40 мың қызметкері жалақыны арттыруды талап етіп, наразылық акциясына шықты. Олар талаптары орындалмаса, ереуіл ұзақ мерзімге созылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Reuters мәліметінше, бұл компания тарихындағы ең ірі наразылықтардың бірі болп отыр. Қызметкерлер бонустарды көбейтуді және жалақы айырмашылығын қысқартуды талап етіп жатыр.
Атап айтқанда, олар негізгі бәсекеле SK Hynix компаниясымен салыстырғанда өз еңбекақыларының айтарлықтай төмен екенін алға тартады. Әсіресе жасанды интеллектке арналған чиптер нарығы қарқынды дамып жатқан кезеңде бұл айырмашылық анық байқалып отырған көрінеді.
Кәсіподақтың негізгі талабы - бонусқа қойылған шектеулерді алып тастап, төлемдерді ұлғайту. Ал компания өз кезегінде ымыра ретінде операциялық табыстың шамамен 10%-ын сыйақы ретінде бөлуді және жалақыны көтеруді ұсынып отыр.
Дегенмен кәсіподақ бұл ұсынысты жеткіліксіз деп санап, 21 мамырдан бастап 18 күнге созылатын ереуіл ұйымдастыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Егеререуіл расымен ұзақ созылса, бұл жайт чип өндірісі мен жеткізілімдеріне әсер етуі ықтимал.