homepage
Depositphotos.com

Әскерден жалтарғандарға қандай жауапкершілік қарастырылған

23.04.2026, 14:17

Қазақстанда көктемгі әскери шақыру науқаны басталып, биыл 21 мыңнан астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, шақырылғандардың шамамен 11 мыңы Қарулы күштер қатарына алынса, қалғаны басқа әскери құрылымдарда қызмет етеді.

Әскерге шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS және eGov порталы арқылы жіберіледі.

Әскерден жалтару – заң бұзушылық

Министрлік өкілі әскерге шақырудан жалтарғандарға заң аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

«Әскерге шақырудан жалтарған жағдайда әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік те бар», – деді Асқар Мұстабеков.

Сонымен қатар қазіргі уақытта әскерден жалтару фактілері тіркеліп отырғаны да айтылды. Алайда нақты сан күн сайын өзгеріп отыратындықтан, толық статистика жарияланбаған.