homepage
фото: ашық дереккөзден

Air Astana Дубайға әзірге ұшпайды

23.04.2026, 12:26

Таяу Шығыстағы жағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан, Дубай қаласына тұрақты рейстер 31 мамырға дейін орындалмайды, деп мәлімдеді бүгін “Air Astana” әуе компаниясы.

Әуе билеттерін алдын-ала алып қойған жолаушыларға компания бірнеше ұсыныс жасап отыр. Олар:

  • әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтарып алу;
  • 31 шілдеге дейінгі рейстерге сол қызмет көрсету класында қайта брондау.

Сонымен қатар, жолаушыларға бағытты өзгертуге де рұқсат берілген. Мұндай жағдайда Air Astana рейстеріне қайта брондау тегін жүргізіледі, алайда тариф айырмашылығы мен әуежай алымдарын төлеу қажет болады.

Әуе компаниясы жолаушылардан жаңартылған ақпаратты ресми арналар арқылы бақылап отыруды сұрайды. Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan жаздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатқан еді.