homepage
Ұлттық олимпиада комитеті

VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан су добынан Таиландты жеңді

22.04.2026, 16:07

Қытайдың Санья қаласында Азия жағажай ойындарында су добынан жарыс басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойында Таиланд командасын тізе бүктірді. ​Біздің спортшылар келесі ойынын ертең, 23 сәуірде Ганконг құрамасына қарсы өткізеді. ​

Жағажайдағы су добының форматы классикалық түрінен ерекшеленеді: мұнда командалар сет бойынша ойнайды.

"Негізгі уақыт сеттер бойынша 2-2 есебімен аяқталып, шешуші пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті", - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында. ​

Команда құрамында өнер көрсетіп жатқан отандастарымыз: Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай. ​

Турнир айналмалы жүйесі бойынша өтеді: командалар үш ойыннан өткізеді, соның қорытындысынан кейін жүлдегерлер анықталады. ​

Айта кетейік, бүгін ойындардың салтанатты ашылу рәсімі де өтеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары - Мұрат Шәкенов (су добы) пен Диана Ержанова (акватлон).