Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында сауда ойын-сауық орталықтарындағы балалар алаңдарының қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда сауда орталықтары тек сауда орны емес, қоғамның маңызды әлеуметтік кеңістігіне айналған. Әсіресе балалар ойын алаңдары – ата-аналардың сенімі мен балалардың бос уақытын өткізетін негізгі орындардың бірі. Алайда бұл бағытта қауіпсіздік пен сапа талаптарының толық сақталмауы алаңдаушылық туғызады.
“Қазақстанда шамамен 7,9 млн шаршы метр сауда алаңы және 70 мыңға жуық сауда нысаны бар. Күн сайын ойын алаңдарына мыңдаған бала келеді, ал демалыс күндері келушілер саны бірнеше есе артады. Осындай жағдайда әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің тікелей міндеті болуы тиіс”, дейді депутат.
Сауалда балалар алаңдарының көп жағдайда сауда орталықтарының жоғарғы қабаттарында орналасатыны сынға алынды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл коммерциялық тұрғыдан тиімді болғанымен, қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі мүмкін. Өйткені төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялау қиындайды.
Сонымен қатар санитарлық жағдай да өзекті мәселе ретінде көтерілді. Балалар ортақ пайдаланатын ойын құрылғылары дер кезінде залалсыздандырылмаса, түрлі инфекцияның таралу қаупі артады. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындарындағы ойын алаңдарының тазалығы ерекше бақылауды қажет етеді.
Қызмет көрсету сапасы мен баға саясатының да бірізді еместігі атап өтілді. Кейбір нысанда әлеуметтік осал топтағы балаларға жеңілдіктер қарастырылса, енді бірінде мұндай мүмкіндік жоқ. Баға айырмашылығының 30-50 пайызға дейін жетуі де нарықтағы ашықтықтың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Осыған байланысты депутат бірқатар нақты ұсыныс айтты:
Мархабат Жайымбетов балалардың қауіпсіздігі кездейсоқтыққа емес, нақты жүйеге негізделуі тиіс екенін атап өтіп, Үкіметтен бұл мәселеге назар аударуды сұрады.