homepage
REUTERS/Laszlo Balogh

ЕО-дағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жетті

22.04.2026, 12:51

2025 жылы Еуропалық одақта тұратын иммигранттар саны 64,2 миллион адамға жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 миллион адамға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы RFBerlin жанындағы көші-қонды зерттеу және талдау орталығының есебіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

ЕО-дағы мигранттар ең көп шоғырланған ел

Есепке сәйкес, Германия Еуроодақтағы шетелдік тектегі тұрғындар саны бойынша көш бастап тұр. Елде шамамен 18 млн мигрант тұрады, олардың 72%-ының еңбекке қабілетті жаста екені айтылды.

Сондай-ақ соңғы уақытта ең жылдам өсім Испанияда тіркелген. Онда мигранттар саны шамамен 700 мың адамға көбейіп, 9,5 млн-ға жеткен.

Зерттеуде Германия Еуропадағы мигранттар үшін негізгі бағыттардың бірі болып қала беретіні және жалпы халық санына шаққандағы үлесі де жоғары екені атап өтіледі.

Миграция теңсіздігі және босқындар ағыны

Еуроодақ ішіндегі көші-қон біркелкі таралмаған. Мигранттардың халық санына шаққандағы ең жоғары үлесі Люксембургте, Мальтада және Кипрде байқалады.

Сондай-ақ баспана сұрау (босқын мәртебесін алу) өтініштері де бірнеше елге ғана шоғырланған.

Испания, Италия, Франция және Германия барлық өтініштің шамамен 75%-ын қабылдайды.

Германия бұл бағытта да көш бастап тұр – елде шамамен 2,7 млн босқын тіркелген.