homepage
фото: vestnikaktobe

Беташарға 4 млн берген ақтөбелік депутат жазаланды

21.04.2026, 15:22

Қазақтың бірінің тойында беташарға 4 млн теңгені санап тұрып салған жас жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, түрлі пікір туғызды. Анықталғандай, ол жігіт Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты әрі Ойыл ауданы әкімі Асқар Қайырғалиевтің ұлы болып шықты. Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі, бұл дәстүр десе, енді біреулер депутат ретінде мұндай дарақылыққа бармағаны дұрыс еді деген пікір айтып жатыр. 

Бұл видео депутаттық этика жөніндегі комиссияның да көзіне түсіп, қалалық мәслихат Аслан Қайырғалиевті тәртіптік жазаға тартқан. Ал, депутаттың өзі  қомақты қаражат тек өзінің жеке сыйлығы еместігін айтып ақталады. 

«Бұл – тек менің ақшам емес. Достарымызбен, ағайындармен бірге жиналып, жас жұбайларға құрмет ретінде тапсырылған сыйлық», – дейді ол.

Сондай-ақ, депутат мұндай сыйлық беру қазақтың той дәстүрінде бар екенін айтып, жағдайды артық әсірелеудің қажеті жоқ деп өзін сынап жатқан қазақстандықтарға қарсы уәж айтты.