homepage
фото: ашық дереккөзден

Атауы бар, отауы жоқ: екінші АЭС "Мойынқұм" деп аталуы мүмкін

21.04.2026, 12:24

Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясы "Мойынқұм" деп аталуы мүмкін. Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты. 

"Әзірге екінші АЭС-ті жұмыс барысында "Мойынқұм" деп атадық. Бұл станция да қуаттылығы 1200 МВт құрайтын екі блоктан тұратын болады", – деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев.

Атауы бар болғанмен, отауы жоқ. Екінші АЭС-тің қайда тұрғызылатыны әлі белгісіз. Сәтқалиевтің сөзінше, оның орны әлі “нақтыланбаған”. Әзірге үш аймақ қарастырылып жатыр. Стратегиялық нысанды кім салатыны да белгісіз, қазіргі уақытта “технология жеткізушіні таңдау бойынша келіссөздер жүргізілуде” деді агенттік төрағасы. Басым серіктес ретінде қытайлық компания қарастырылып отыр.

Қазақстанда 2025 жылға дейін кемі үш АЭС салынбақ. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту жөніндегі стратегияға қол қойған болатын. 

Қазақстандағы алғашқы АЭС Үлкен ауылы маңында салынады. Ол «Балқаш» деп аталатын болды. АЭС құрылысы 10-12 жылға созылуы мүмкін. 

Теги: