homepage
Видеодан кадр

Қазақ жұртшылығы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр

21.04.2026, 10:40

Алматы қаласында халық жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаралы жиын таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында басталды. 

Қазақ руханиятының көрнекті өкілімен қоштасуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Олардың қатарында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақынның әріптестері, шәкірттері және шығармашылығын бағалайтын оқырмандар бар.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген жұртшылық ел руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғаның еңбегі мен шығармашылығын еске алысты.

Іс-шараға жиналғандар оның қазақ поэзиясындағы айрықша орнын және ұлттық мәселелерді батыл көтерген қайраткер ретіндегі қызметін атап өтті.

Рәсімнен кейін марқұмның рухына арналған ас сағат 13:00-де Достық даңғылы, 341/1 мекенжайындағы LuxHall банкет залында өтеді.

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің маңында жерленеді.