homepage
kazchrome.com

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

21.04.2026, 09:46

Ақсу ферроқорытпа зауыты аумағында металл ұсақтау жұмыстары кезінде темір ұсатушы жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 2026 жылғы 20 сәуірде болған.

“Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу амалдары басталды. Мамандар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.

«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.