Былтыр қонақ үй және демалыс орындарына жайғасқан ішкі туристер саны 11%-ға артып, 8,7 млн адамға жеткен. Бұл отандық туризм үшін рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы energyprom.kz хабарлайды.
Туристерді қабылдайтын орындардың ресми статистикасына сүйенсек, соңғы он жылда ел ішінде саяхаттағандар саны шамамен үш есе артқанын аңғаруға болады. Іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы кәдік. Мысалы, көп азаматтар қонақүйлерге жайғаспай, туыстарына тоқтайды, жеке тұрғын үй жалдайды.
Дегенмен, ішкі туризмнің түйткілі көп. Әуелгісі әрине, бағасына қатысты.
2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда «Демалыс және мәдениет» санатындағы бағалар жылдық есепте 13,2%-ға өскен. Бұл елдегі жалпы инфляция деңгейінен де, қызмет көрсету саласындағы өсімнен де жоғары.
Жалпы статистика біркелкі көрінгенімен, ішкі құрылымында айырмашылық бар.
2026 жылғы наурызда бассейн қызметтері – +15,8%, кинотеатрлар – +17,5%, театрлар– +41,1%, қонақ үй қызметтері – +9,5% өскен.
Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша салаға салаға 1,3 трлн теңгеге жуық инвестиция салынғанын айтқан. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 32,3%-ке артық.