homepage
Фото: ашық дереккөз

Павлодарлық дәрігерлер еркектерге гинекологиялық ем-дом “көрсеткен”

20.04.2026, 10:52

Павлодар қаласының прокурорлары МӘМС-ке қатысты заңбұзушылықтарды анықтады.   

Сценарий - “стандартты”: мамандар қайтыс болған адамдарды “қабылдаған”, акушер-гинеколог дәрігер ер адамдарға ем-дом “көрсеткен”. Сондай-ақ, рұқсат құжаттары жоқ тұлғалар халыққа медициналық көмек көрсеткен. 

Жымқырылған қаржы көлемі - 62 млн теңге, мемлекетке келтірілген залал көлемі -  41 млн теңге. Екі қылмыстық іс сотқа жөнелтілді.