Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысында орналасқан «Қара бүркіт» түрмесіне жіберілді. Бұл ақпаратты Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады.
Осы уақытқа дейін қылмыскерлер СИЗО-да отырған болатын. Марқұмның анасы Галина Легкодимова олардың түрмеге бұлай ұзақ жіберілмеуіне шағымданған.
Атырау облысы бойынша ҚАЖД басшысы Азамат Ізтлеуов этаптаудың кешігуін Ұлттық ұланның арнайы қарауылы қажеттігімен түсіндірген.
Еске салайық, Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сот үкімі 2025 жылдың 17 қарашасында шықты. Ақпан айында олар сотқа аппеляциялық шағым түсіріп, үкімді қайта қарауды сұраған. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған.