homepage

Үндістанда отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, 23 адам қаза тапты

20.04.2026, 10:01

Үндістанда отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 23 адамның өмірін жалмады. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында болған. 13 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында алты полиция қызметкері мен бір өрт сөндіруші бар. Олар құтқару жұмыстары кезінде болған екінші жарылыста жараланған. Indian Express басылымының мәліметінше, жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр.

Жарылыс кезінде төрт цехта шамамен 50 жұмысшы болған. Қуатты жарылыс бүкіл зауытты қамтып, нысан толықтай қираған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай қызметтері құлаған ғимарат үйінділерінің астында қалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр.

Үндістанда пиротехникалық өнімдерге байланысты мұндай қайғылы оқиғалар жиі болады, өйткені кәсіпорын иелері қауіпсіздік ережелерін елемейді.