Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуін сұрады.
Хатта Шаханов өзінің мәңгілік тыныс табатын жері ретінде Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесін таңдағаны айтылған.
«Ақынның киелі топырақта жерленуі – отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет деп білеміз», – делінген хатта.
Арыстанбаб кесенесі республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш. Сондықтан, жерлеу рәсімін заңнама талаптарына сәйкес өткізу үшін жоғары деңгейдегі рұқсат қажет. Осыған байланысты ақынның жары Президенттен:
Ақын аманатының орындалуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуді. Бұл үдерісті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігімен үйлестіруге тапсырма беруді сұрады.