homepage
Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер

19.04.2026, 14:53

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Жалпы командалық есеп:

  • 1-орын – Моңғолия;
  • 2-орын – Қазақстан;
  • 3-орын – Қырғызстан, Корея Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған.

Ұлттық құрама сапында: Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) өнер көрсетті.

Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді.

Команда сапында жүлде алған спортшылар:

  • Әділет Алмат (-81 кг) – төрт жылдан кейінгі алтын;
  • Эсмигүл Куюлова (-63 кг);
  • Аруна Жангелдина (-78 кг);
  • Абылайхан Жұбаназар (-81 кг);
  • Айдар Арапов (-90 кг).

Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.