Бүгін Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде командалық бәсекелер өтіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
“Жартылай финал жолдамасы үшін таласқа түскен Ұлттық құрама жарыс қожайындары – Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді”, – делінген хабарламада.
Команда сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі, Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Корея – БАӘ жұбының жеңімпазымен кездеседі.