homepage
polisia.kz

Алматының ірі даңғылында тағы жарыс: жүргізушілер жазаланды

18.04.2026, 16:54

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында бір топ жүргізушінің қарсы жолаққа шығып, күрт маневрлер жасап, жолда апатты жағдай туындатқаны анықталған.

Бейнежазбада олардың қауіпсіздік талаптарын елемегені анық көрінеді.

“Жедел шаралардың нәтижесінде барлық қатысушы жүргізушілер анықталып, ұсталды.

Оларға қарсы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау, жол апатына әкелуі мүмкін әрекеттер, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша әкімшілік шаралар қолданылды”, – делінген ПД хабарламасында.

Полиция мұндай әрекеттердің адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертіп, заң бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын мәлімдеді.